Биыл облыс аумағында 360 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 19 адам мерт болды. Олардың арасында 3-уі бала . Тағы 30 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Улы газдан уланған 1 тұрғын тіркелсе, жалпы 13 адам әртүрлі деңгейде зардап шеккен.

Облыс аумағында жылыту маусымы басталды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі өрттің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Бүгін рейдтік жұмыстар қаладағы ойын-сауық орталығынан басталды. Айта кетейік, сақтық жұмыстары тамыз айының 15-інен бастап қолға алынған. Осы уақыт аралығында 5 мыңнан астам жеке тұрғын үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


СНХ:ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Мамандар тұрғындарға пеш пен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Құтқарушылар өңір бойынша 20 мыңнан астам тұрғынмен профилактикалық жұмыс жүргізіп, үйлерге мыңнан аса өртке қарсы датчик орнатқан.


Статистика бұл салада бейқамдыққа жол жоқ екенін көрсетіп отыр. Құтқарушылар тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен үйлерге орнатылып жатқан датчиктер - халықты тілсіз жаудан қорғауға бағытталған нақты іс-шаралар.