Петропавлда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев халықпен тікелей жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторларымен кездесті. Жиынға басшылық құрам қатысып, қала және аудандық полиция бөлімдері онлайн бейнебайланыс арқылы қосылды. Кездесуде жасанды интеллект және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы туралы талқыланып, жиналғандар өзара пікір алмасты.

Жиында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі жағдай тұрақталғаны айтылды. Биыл 9 айдың ішінде қылмыстардың саны 14 пайызға азайған. Оларды ашу көрсеткіші де жақсарып отыр. Жалпы, қылмыстардың 62, ауыр қылмыстардың 71 пайызы ашылған. Ал, аса ауыр қылмыстардың барлығы анықталған.

СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ - СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының саяси астарын және идеологиялық мәнін түсіндірді.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ


Қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыста тағы 114 бейнекамера орнатылды. Қазір әлеуметтік нысандарда 45 мыңнан астам камера жұмыс істеп тұр, оның 13 мыңы Полицияның жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, Жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика енгізіліп жатыр. Адамдарды, заттарды және топталған адамдарды танитын 20 ақылды камера орнатылып, көлік қозғалысын талдайтын 67 камера іске қосылған. Болашақта бұл жоба одан әрі кеңейтіледі.