Ғауез Нұрмұхамбетов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісін, облыс орталығының маңызды нысандарымен таныстырды. Жұмыс сапары барысында стратегиялық нысандарға қатысты маңызды мәселелер де қозғалды. 


Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары барысында, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаевты облыс орталығының, маңызды нысандармен таныстырды. Алдымен облыс басшысы «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешенімен таныстырды. Серіктестік басшысы Екатерина Асаенок жылыжайдың қалай жұмыс істейтіні туралы айтты.


ЕКАТЕРИНА АСАЕНОК, «ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жылыжай толығымен автоматтандырылған. Технологиялық процестерге келетін болсақ, климат, ылғал, жылыту, жарықтандыру өздігінен басқарылады. Біз осындай аймақта орналасқанбыз. Сондықтан жылыжайымызды барлық жүйелермен жабдықтауға тура келді. Олардың кейбіреулері оңтүстік жақта қажет емес. Ал бізде қыста өте суық, ал жазда өте шуақты және ыстық. Сондықтан біз оңтүстікте де, солтүстікте де қажетті құралдармен жабдықтауымыз керек. Жалпы, мұнда жағдай жасалған.


Бұдан әрі облыс әкімі ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісін, «Радуга» ЖШС жобаларымен таныстырды. Компания әр түрлі қызметпен айналысады. мысалға тамақ өнімдерінен бастап тазалау және жеке күтім өнімдеріне дейін кең тұтыну тауарларын өндіреді. Қалдықсыз өндірісті құра отырып, экологияға қосқан үлесіне ерекше назар аударылады. «РимКазАгро» ЖШС фабрикасында қағаз өнімдерін өндіруде Ермек Маржықпаев ағымдағы жұмысымен танысты.


Сверху у нас оборудование, переходя одну стадию к другой, бумага эта очищается. Очистка происходит в основном водой. То есть всю воду мы аккумулируем. Здесь же у нас есть свои очистные сооружения.


Жұмыс сапарының келесі пункті Петропавл ЖЭО болды. Облыс әкімі мен Премьер-Министрдің кеңесшісі әкімшілік корпусқа, қазандық цехына, турбиналық цехқа, басқарманың бас қалқанына және жаңа түтін құбырын салу орнына барды. Негізгі жабдық 12 қазандық және 7 турбогенератордан тұрады.


Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев түтін құбырын салу барысымен де танысты. Магистральдың құрылысы аяқталды. Қалған жұмыстар сәуір айында қысқы кезеңнен кейін жалғасуды жоспарлап отыр. Дайын нысан 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі тиіс. Осыдан кейін жұмыс сапары «Петропавл жылу желілері» ЖШС-не барумен жалғасты. Күн тәртібінде жылу желілерінің тозуының жоғары пайызы болды.


Жылу желілерінің тозуы бүгінгі күні 77% -. құрайды. Кәсіпорында барлығы 219 адам жұмыс істейді. Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ермек Маржықпаев барған өңірдегі келесі маңызды нысан – «Маслодел» ЖШС. Бұл кәсіпорын жылына 885 мың тонна дайын өнім шығарады. Мұнда барлығы 700-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Өнімнің негізгі түрлері май, сүт, айран және қаймақ.


Петропавл қаласының Универсальный көшесі бойында теміржол арқылы салынып жатқан автожол өткелі жұмыс сапарының соңғы пункті болды. Оның құрылысы 2023 жылдың қыркүйегінде басталған.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Жұмысшы шағын ауданындағы ескі көпір қазір апаттық жағдайда. Сондықтан бүгінде бұл жобаны Айдарбек Сейпілұлы бастаған болатын. Өткен жылдан бастап бұл жобаның құрылысы жүріп жатыр. келесі жылы ҚҰрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.


Жобаның жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайды. Бұл нысан жол өткелін едәуір түсіруге және жүк көліктерінің ағынын бағыттауға көмектеседі. Бұл ретте қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбай қолданыстағы көпірді күрделі жөндеу мүмкіндігі пайда болады.