18 қазан – Рухани келісім күні. Атаулы дата Қазақстанда 1992 жылы рухани келісімінің 1-ші әлемдік конгресінде жарияланған болатын. Содан бері елімізде бұл күн – қақтығыстар мен жанжалға тоқтау салу, қайырымдылық және көмек күні болып саналады. Осыған орай бүгін оқушылар сарайында конференция өтті.


Дәл осы күні жылда дәстүрлі түрде өтетін жиынның мақсаты - ұлтаралық және дінаралық келісімді арттыру. Іс-шараға өңірдің діни және этномәдени бірлестіктерінің басшылары, азаматтық қоғам институтының өкілдері қатысты. Олар Рухани келісім күнінің ерекше маңыздылығына тоқталып, оның елдегі бірлік пен тыныштықты сақтаудағы рөлін атап өтті.


ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Ғасырлар бойы ислам тарихында мұсылмандар мен басқа дін өкілдері тату-тәтті достықта және мейірімділікте өмір сүріп келді. Бізідң мақсатымыз - осы бір мейірілімділікті әрі қарай жалғастыру. Құран Кәрімнің өзінде адамзатты ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Мақсаты адамдар бір-бірін тануы үшін дейді. Бұл ислам дінінің ерекшелігі.


Жиын барысында ынытмақтастық пен рухани келісімді нығайту, қазіргі алмағайып заманда түрлі этникалық топтардың тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.


ВЛАДИМИР, ПЕТРОПАВЛ ЖӘНЕ БУЛАЕВ ЕПАРХИЯСЫНЫҢ ЕПИСКОПЫ:

- Біз көп жылдар бойы бірлікте өмір сүріп келеміз. Ауызбірішіліктен артық құндылық жоқ. Оны әрі қарай да сақтауымыз қажет. Ұлтқа, дінге не бөлінуге болмайды. Бұл датаның маңызыдылығы да осыда.


Көпұлтты Қазақстан халқының рухани құныдықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара қонақтары арнайы бейнеролик тамашалды.