«Зияткерлік меншік туралы» заңға бірқатар түзету енгізілді. Енді бұл заңға ҚР "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" заңы қосылды. Қазіргі уақытта зияткерлік меншік және оны заңнамалық реттеу Қазақстанның іскерлік және қоғамдық-саяси өмірінде үлкен маңызға ие болып отыр.


Бұл түзету отандық өндірушілерге жаңа мүмкіндіктермен әлемдік нарыққа шығуға жол ашады. Тауардың беделі мен сапасы белгілі бір географиялық нысанмен байланысты. Сондықтан СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Адай Мағзұмов бұндай өзгертулер отандық тауар өндірушілердің Қазақстан аумағында және шетелде өз брендтерін дамытуға мүмкіндіктерін арттырады дейді.


АДАЙ МАҒЗҰМОВ, СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Географиялық белгі үшін географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге өтінім берілген аумақта өнімді өндірудің кем дегенде бір сатысы көрсетілуі жеткілікті. Яғни, өнімді өндіру үшін шикізатты шетелден әкеліп, өнімнің өзі Қазақстанда өндіріледі (қазақ шоколады, қазақстандық коньяк, шымкент сырасы.