Петропавлда 2-ші жылу электр орталығындағы түтін мұржасын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа мұржа 2025 жылдың 1 қазанында дайын болады деп жоспарланған.


Түтін мұржасының салуға 73 күн қажет болды. Бас мердігер "Қазтеплоспецстрой" ЖШС. Нысанның биіктігі-180 м. 2025 жылдың 1 қазанына дейін түтін мұржасын пайдалануға беру жоспарлануда.


АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

- Бағдаршам алаңдарын монтаждау, түтін мұржасына қорғаныш қалпақшасын орнату, бұдан әрі сигналдық жарықтандыру мен найзағайдан қорғау жабдықтарын орнату қажет. Келесі жылы газ құбырларын жүргіземіз және жылыту маусымында оған алты қазандық агрегатын қосамыз.


2026 жылы 7 қазандық қондырғысы жаңа түтін құбырына қосылады, қалған 5-уі №3 түтін құбырына жалғанған. №2 мұржа бұзылады. Жылыту маусымына келетін болсақ, Петропавл нысандарының 95%-ы жылумен қамтамасыз етілген.


АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бізге бес қазандық агрегаты қажет. 1 қазандағы жағдай бойынша станцияда 11 қазандық агрегаты орнатылды, біреуі қайта жаңартылуда. Ол №2 қазандық. Нысанды аяқтау мерзімі 2027 жылға дейін созылған.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында ақауға байланысты жаңа түтін мұржасының құрылысы тоқтатылды. Салынған 30 метрлік нысанды бұзып, мердігерін ауыстырды. Жобаның құны екі миллиард теңгеден асады.