Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы Абай орта мектебінде жұмыс істейтін Яна Добромирова 4 тілде еркін сөйлейді. Бойжеткен орыс, қазақ, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Полиглот мұғалім жайында әріптесім Аснурия Абдула баяндап берсін.
Яна Добромирова - жаңа оқу жылының басынан бастап Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы Абай орта мектебінде жұмыс істейді. 24 жастағы кейіпкеріміздің негізгі мамандығы – шет тілі пәні мұғалімі.
ЯНА ДОБРОМИРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Петерфельдте қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп жатырмын. 0:40 Ағылшын тілінен мұғаліммін. Үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші және оныншы сыныптарға сабақ беремін. Орыс және қазақ сыныптарға.
Сіздердің алдарыңызда музейдің макеті. 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта әкімшілік, 2 қабатта экспозиция. Далада қонақ үй, кеңсе үй, монша, құдық және шошала орналасқан.
Айта кетейік, Яна Добромирова бұған дейін Абылай хан резиденциясы музей кешенінде экскурция жүргізуші болып қызмет еткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуінің арқасында бұл жұмысты оңай тапқан. Бойжеткенге оқу мен қызметті қатар алып жүру қиындық тудырмады
ЯНА ДОБРОМИРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- 2022 жылдан бастап экскурция жүргізушісі болдым. Маған өте ұнады. Экскурцияны 3 тілде жүргізе білдім. Ағылшынша, қазақша және орыс тілдерінде. Бізге көптеген келушілер келді. Музейді мемлекеттік тілде көбірек таныстырдым. Олар маған өте риза болды. Рахмет айтты. Мен оған өте қуаныштымын. Жалпы, резиденцияда өте жақсы жұмыс өтті. Маған бұл қатты ұнайды.
Айта кетейік, Яна Добромирова - Аққайың ауданы, Шағалалы ауылының тумасы. Отбасысының жалғыз ерке қызы. Яна кішкентайынан жаңа дүниені тануға, көп тіл үйренуге құмар болған. Мектеп бітірген соң М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға оқуға түседі. Университетте түрлі іс-шараларға қатысып, белсенді студенттердің қатарынан табылған.
ЯНА ДОБРОМИРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да оқыдым. 2022 жылы шетел филологиясы мамандығы бойынша бітірдім. Ал, биыл мен магистратураны аяқтадым. 2 шет тілі. Ағылшын және неміс тілі. Маған тілдерді оқыту қатты ұнайды. Басқа тілдерді үйрену негізгі хоббиім. Жалпы, бірнеше тіл білу қазіргі біздің заманымызда өте маңызды.
Яна Добромированың арманы алдағы уақытта, қазақ тілін тез үйренуге көмектесетін тың әдістер ойлап тауып, мектеп оқушыларына арнап курс ашу. Себебі, болашақ - білімді және патриот жастардың қолында