Жылқы бағу – екінің бірінің қолынан келмейтін кәсіп. Қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығында далада мал жаю оңай шаруа емес. Дегенмен, ата кәсіп – балаға аманат. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұратын Нұрлан Зағыпар Қамбар ата тұқымына бала күнінен құмар. Жылқыны – кәсіп деп қана қарамайтын, сонымен қатар жүйрік мініп, көкпар тартатын азаматпен әріптесім Эльмира Кәленова тілдесіп қайтты.
НҰРЛАН ЗАҒЫПАР, ЖЫЛҚЫШЫ:
-Мен өзім Монғолиядан келгем, 14 жыл болды. Соның 12 жылында осы жылқы бағып келе жатырмын. Атамекеніме келу жағы арман болатын. Әкеміз де жылқышы болған. 26 жыл жылқы бағыпты. Сол кісінің ізін жалғастырып жүрміз ғой. Бір ұлым бар, 3 қызым бар. Ұлым сол 9 оқиды. Көкпарға ол да шығып жүр. Атқа жақын. Бұл қазақи парода, жігерлі жылқы өте. Жаңағы топты жарып кіреді, ортасына шаршауды білмейді. Өзім баптап, өсірдім. Көкпарда да атышулы осы. Біраз салымдар салған.
400 жылқы бар, оны санап үлгере алмайсың. Ол жылқыларды жүріс-тұрысынан танимыз. Артынан кетіп бара жатқанда танимыз. Мынау бәлен кісінің жылқысы деп. Сәдуақасов Самарқанның биесі деген секілді. 30 минуттың ішінде түгендеп шыға аламыз бәрін.
Жылқының қасында жүргеннен кейін өзің де сергек жүресің, жақсы, жігерленіп жүресің. Қиыншылықтары да бар өте. Жаңағы басқа жұмысшыларды қарасаңыз, жаңбыр жауса да, күн ыстық болса да олар көлеңкеде, тракторда, конторында болады. Бізде 24 сағат осы малдың артында жүру күннің ыстығына, жаңбырдың астында төзу керек. Сондықтан, көп азаматтар қашатыны сол. Біреудің жылқысы, мысалы табылмай кетсе, онда төлейміз.
Бұрын ата-бабамыз да мынау ұлан-ғайыр оңтүстік, солтүстк, шығыс басытсы мықты аталарымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақыл-ойымен, осы арғымақ аттың тектілігімен қорғап қалған ғой. Сондықтан осы 4 түлік малдың ішінде осы атты, жылқыны ерекше қастерлейді, қазақ.