Облыстық прокуратура жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың бір мыңнан астам фактісын анықтады. Қадағалау органының мобильді топтары биыл тәуекел тобына жататын 11 мыңнан астам отбасын тексерді. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек қажет, құжаттарды рәсімдеу және басапан кезегіне тұру бойынша мәселелері бар 140 отбасыға қолдау көрсетілді.


Прокуратураның талабы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырыстарында 44 отбасының ісі қаралды, нәтижесінде физикалық қауіп-қатерге байланысты 12 бала отбасынан алынды, 272 заңды өкіл балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты елуге жуық қадағалау актісі енгізілді, оларды қарау нәтижелері бойынша 18,5 мың баланың құқығы қорғалған. Нәтижесінде 850-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, 26 млн теңге сомасына залал өндірілді.