Облыста Қорғаныс Істері Департаментінің бастығы тағайындалды. Енді бұл қызметті Ернар Мейірханов атқаратын болады. Ол бұған дейін ҚР Қарулы Күштерінің бас штабында ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға-офицер лауазымын атқарды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- «Ернар Сәрсенбайұлы 42 жаста. Талдықорған қаласының тумасы. Алматы жоғары әскери училищесінің түлегі. Әскери қызметті Қапшағай қаласы әскери бөлімінің десанттық шабуылдау взводының командирі қызметінен бастады. Әр жылдары Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Қорғаныс істері басқармасының бастығы, Ақмола облысы Қорғаныс Істері департаменті штабының бастығы болды».