Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылжар ауданындағы «Митронин» ЖШС-де болды. Қазіргі таңда мұнда күзгі науқан аяқталған. Кейін Айдарбек Сейпілұлы «БЕТЕГЕ – У» элеваторының жұмысымен танысты.

«БЕТЕГЕ – У» ЖШС астықты сақтау, өңдеу және тазарту жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорында жиналған астықты сақтау сыйымдылығы 80 мың тонна.


Элеватордың аумағы – 16,5 гектар. Кәсіпорынға күніне бидай, арпа, күнбағыс, зығыр, рапс, бұршақ және майлы дақыл сияқты 2 мың тоннадан астам астық келіп түседі. Аталған өнімдер облыстың барлық аудандарына жеткізіледі.


ҚОРЛАН ЕРЖАНОВА ,«БЕТЕГЕ – У» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы сыйымдылығы 18 600 тонна болатын 7 қойма бар. Көріп тұрғандарыңыздай, бізде астық сыртта да жатыр. 33 мың тонна қалдық шығарылды. Біз бұны ендігі жылы себетін боламыз.


Кейін Ауыл шаруашылығы министрі Қызылжар ауданына барды. «Митронин» ЖШС бидай, рапс, және зығыр сияқты дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіреді. Егіс алқабының аумағы – 3 мың гектар.


Серіктестік әр гектардан орташа 31 центнер өнім алған. Бүгінде егістікте орақ науқаны толықтай аяқталды.


КИРИЛЛ МИТРОНИН – «МИТРОНИН» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Бірінші болып бұршақ дақылдарын ордық. Жасымық әр гектардан 24 центнер өнім берді. Ал, бұршақтан 20 центнер, рапстан 20 центнерден алдық. Жалпы, жиын терімді тамыздың 20 на қарай бастадық.


Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша 23 млн тоннадан астам астық бастырылды.