Атом электр стансасын салу туралы өткен республикалық референдум жоғары деңгейде әрі ашық түрде өтті. Елімізде таңдау жасауға құқылы 12 млннан астам адамның 8 млнға жуығы қатысқан. Нәтижесінде, таңдау жасағандардың басым бөлігі Қазақстандағы АЭС құрылысына оң көзбен қарайтынын білдірген.
Иманғали Татваев қыркүйек айының басынан бері халық штабының мүшесі ретінде жұмыс істеді. Әртүрлі ұжымның өкілдерімен кездесіп, АЭС құрылысының оң тұстарын түсіндіріп, референдумға қатысуға шықарды. Халық штабының өкілі бүгін пульмонологиялық орталықтың мамандарымен жүздесіп, дауыс бергендеріне алғысын айтты.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Біз бүгін облыстық пульмонологиялық орталыққа келіп отырмыз. Мамандармен кездесіп, жеңіспен құттықтап жатырмыз. Бұл нәтиже бізге оңай келген жоқ. Бір ай бойы халықпен кездесіп, АЭС-тің маңызын түсіндіріп, мазалаған сұрақтарына жауап бердік.