Петропавлдағы ботаникалық бақта 3 мыңға жуық өсімдік бар. Бір ерекшелігі олардың көбі тропикалық және субтропикалық елдерден әкелінген. Ал ғасырлық тарихы бар пальмалар оранжереяның көркі. Бұл - Қазақстанда ашылған ең бірінші ботаникалық бақ.
Ботаникалық бақта қысы-жазы өсімдіктер үшін қолайлы температура сақталады. Сондықтан мұнда жыл мезгіліне қарамастан үнемі ағаштар гүлдеп, жеміс беріп жатады. Қазір оранжереяда Отаны Оңтүстік Америка саналатын монстера жемісін көруге болады.
АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Монстераның толық піскен кезде дәмі банан, киви мен құлпынайдың қосындысына ұқсайды. Қышқыл болып келеді. Ал жемісінің түрі жүгеріге ұқсайды.