Облыстық полиция департаментінде көшпенділер ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан полиция қызметкерлері марапатталды. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге патрульдік полиция батальоны мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері көмектесті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнемктериалына назар аударайық.



Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алыс және жақын шетелдерден көптеген қатысушылар мен көрермендер келді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге облыстық патрульдік полиция батальонының және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жұмылдырылды. Олардың еңбегі еленіп, ішкі істер министрлігі тарапынан жоғары бағаланды.



Айдын Қабдұлдинов — СҚО ПД бастығы (біздің департаменттің қызметкерлері Астана қаласында өткен Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тәртіпті сақтағаны үшін және қызметті мінсіз атқарғаны ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды)



Барлығы 11 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасын алған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Серік Сейпиев те бар. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тышқа «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді. Ал жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Аслан Әлжановқа мерзімінен бұрын полиция майоры арнаулы атағы берілді. Бұл жиында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан тағы үш қызметкер марапатталды.


Айдын Қабдұлдинов — СҚО ПД бастығы (біздің ведомствода 20 астам ұлттың өкілі қызмет атқарады. Олардың әрқайсысы отандастарының тілін, дәстүрін, мәдениетін құрметтейді. Сондықтан бүгін ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерді марапаттаймыз.)



Мемлекеттік тілді насихаттауға, оның қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері Серік Әбілғазинов пен Серафима Окишеваға грамота мен алғыс хат табыс етілді. Ал ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина ІІМ-нің құрмет грамотасымен марапатталды.