Демалыс күні Петропавлдағы "Радуга" ЖШС қызметкерлерін еңбек күнімен құттықтады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандары олар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


2014 жылдан бері қыркүйектің соңғы жексенбісі Қазақстанда еңбек күні аталып өтіледі. Мерекенің негізгі мақсаты - әрбір отбасы мен тұтастай мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығының кепілі ретінде адал еңбек идеясын дамыту.


АЗАТ МҰҚАНОВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Мереке өзінің адал еңбегімен республиканың дамуына үлес қосқан еңбеккерлерге алғыс білдіру үшін арналған. Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кей жерде ол мемлекеттік мәртебеге ие. Қазақстанда бұл күн 29 қыркүйекке сәйкес келеді. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы биыл да дәстүр бойынша "Радуга" ЖШС қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Оксана Баст кәсіпорын ашылған күннен бастап қағаз фабрикасында жұмыс істейді.


ОКСАНА БАСТ, "РАДУГА" ЖШС ОПЕРАТОРЫ:

- Біз қағаз өнімдерімен жұмыс істейміз. Жұмысым өзіме ұнайды, жалпы тек еңбек арқылы адам өз өмірін жақсарта алады.


Жыл басынан бері зауыт үш мың тонна қағаз өнімдерін шығарған. Мұнда күніне шамамен 150 қорап тауар шығарылады. Сергей Саликов кеңсе қағазын жасау машинасында еңбек етеді.


СЕРГЕЙ САЛИКОВ, "РАДУГА" ЖШС ОПЕРАТОРЫ:

- Мен оператормын. Біз A4 қағазын әзірлеп шығарамыз. Яғни, станоктың артында тұрып, бақылау жүргізіп, орамаға саламыз. Егер қиындықтар туындап жатса, ұжым мүшелері әр уақытта көмектесуге дайын. Қанша уақыт жұмыс істеп жүрсек те, әрқашанда мұнда үйренереміз көп.


Жұмыс орнында Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері шағын концерт қойды. Олар қызметкерлерге ән мен биден шашу шашты.