Петропавлда жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жөндеу жұмыстары облыс орталығындағы 57 көшені қамтыды. Оның ішінде 39 көшеге алғаш рет асфальт төселмек. Жабаев көшесінен Индустриалды көшесіне дейінгі аралықта екі жылдық жоба басталды. Осы уақыт аралығында ұзындығы 2250 метр жол жөнделуі тиіс. Мердігер - «Титан Солтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2025 жылы асфальтбетон қоспасынан жасалған жабындарды орнату арқылы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жоспарланып жатыр.


НИНА УСЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Осы жұмыстардың арқасында сапалы және жақсы жолдардың үлесі 50 пайыздан 67 пайызға дейін артады. Сондай-ақ төрт жыл ішінде барлық жолдарды асфальттап іске қосамыз. қазір Мүсірепов көшесінде жұмыс жүріп жатыр.