Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында «Көкшетау Энерго» электр желісінің жаңа кеңсесі ашылды. Іс-шараға аудан әкімшілігі мен «Көкшетау Энерго» серіктестігінің басшылығы қатысты.
«Көкшетауэнерго» серіктестігі Ақмола өңірінен бөлек, бұрынғы Көкшетау облысының 5 ауданына, Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша, Уәлиханов, Ақжар аудандарына да қызмет көрсетеді. «Көкшетау Энерго» электр желісінің бұл бөлігінде 170-ке жуық адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Мекеме Рузаевка, Чистополье, Новоишимка елдімекендерін жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейінгі ғимарат тым ескі болғандықтан, осыдан екі жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, жаңа ғимарат тұрғызылды. Халыққа сапалы қызмет көрсетуді жақсарту бағытында Новоишимка ауылындағы электр желісі заманауи техникалармен жабдықталып, жаңа бағдарламалар түрі ұсынылған.
ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Әрине, біздің басты Көкшетау Энергоның басты қағидаттарының бірі-ол тек қана мынау бірінші мәселеміз апаттық жағдайды мейлінше, айтып беру болса, екінші жағынан осында жұмыс істейтін біздің азаматтардың біздің тұтынушылардың келетін жағдайларын жасау.+СКЛ+Қазір мынау Каспийдің, Халық банкінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халыққа мейлінше аздап жағдай жасаудың барлық базовый серверлеріне дейін орнатып, осындай жағдай жасадық. Міне, сондықтан менің ойымша халықтың наразылығын, кішкене өкпе ренішін туғызатын кейбір жайттарды кейбір мөлшерге төмендеттік деп ойлаймын.
РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘКІМІ:
- Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарды, тапсырмаларды іске асыруымыз қажет. Соның бірі электрмен үздіксіз қамтамасыз ЕТУ. Біздің аудан ірі аграрлық индустриалды өңір. Сондықтан энергиясыз алға жылжу мүмкін емес.
Жаңадан ашылған электр желісіне ауыл тұрғындары мен қоса мекеме қызметкерлері де ризашылықтарын білдірді.
ВЛАДИМИР КОВАЛЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР:
- Бүгін аудандық электр станциясы 2 қабатты жаңа ғимаратқа көшіп жатыр. Бұған дейін тар жерде отырып келген еді. Электр энергиясының үздіксіз берілгенін қалаймыз. Жарықсыз тіршілік ету мүмкін емес. Сондықтан бұл жұмыстың жақсы жолға қойылуы қызмет көрсетуші персонал мен басшылыққа тікелей байланысты.
Салтанатты іс-шара барысында жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерге «Көкшетау энерго» серіктестігі басшылығының Алғыс хаты табыс етілді. Айта кеткен жөн, жуырда «Көкшетау Энерго» серіктестігі 60 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Сабина Жамшитова