Сәбит Мұқанов – қазақтың көрнекті қайраткері, ғылым мен мәдениеттің үздігі, қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, театр мен музыканың мәдени мұрасымен айналысқан дарынды тұлға. Қаламгердің туып өскен Сәбит ауылында жазушы өмір сүріп, қызмет еткен мУЗЕЙ-үйі бар. Мұнда 700-ге жуық экспонат бар.
Сәбит ауылында көп нәрсе ұлы жазушыны еске түсіреді. Әсіресе академиктің атымен аталатын музей-үйінің орны бір бөлек. Кешен 1990 жылы ашылған. Музейдің кіреберісінде жазушының өзі отырғызған ақ қайыңдары әлі де жайқалып тұр. Жалпы үй 5 бөлмелі. Кіреберіс, қонақ бөлме, демалыс бөлме, асхана және жазушының жеке жұмыс бөлмесі бар.
ӘЛИЯ СӘРСЕКОВА, С.МҰҚАНОВТЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІ ЖЕТЕКШІСІ:
- Жазушының өмірлік пен шығармашылық жолы. Бірінші экспозиция бұл жазушы Сәбит Мұқановтың жеті атасының шежіресі, картасы, әулеті. Өзінің және де жұбайы Мариям тұңғыш баласы Арыстан. Ары қарай бізде экспозиция әулетті жалғастыру. Оның балалары, немерелері, туған-туыстары, жолдастары туралы бар.
Музейде 700-ге жуық экспонат бар. Мұражайдағы 5-ші кабинетте С.Мұқановтың жұмыс істеген заттары сақталған. Және одан бөлек киім-кешектері де бар. Әрбір заттың өзіндік жеке тарихы бар.
ӘЛИЯ СӘРСЕКОВА, С.МҰҚАНОВ МУЗЕЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Біздегі құнды жәдігерлердің бірі Москва атты жазба машинкасы. Бұл жазба машинкасымен Жазушы С.Мұқанов газеттен бастап, романға дейінгі шығармашылық жолын атқарған. Оның соңғы шығармасы «Аққан жұлдыз» романын аяқталмай алмады. Ал жазба машинкасы әулетпен, әкесінің жұмысын жалғастырған жазушының ұлы Марат Сәбитұлы Мұқановқа қызмет етті.
Сәбит Мұқановтың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. Қазіргі уақытқа дейін қаламгердің шығармалары халық арасында ұмытылмай, оқылып келеді.