Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті әділет полковнигі Мұрат Нәкенов атқарады. Ұжымға Жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Абай Қайырбеков таныстырды.


Іс-шараға полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен өкілдері, ведомстволық бағынысты мекеме басшылары мен департаменттің жеке құрамы қатысты. Мұрат Нәкенов 1974 жылы 14 шілдеде Көкшетау облысы, Қызылту ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының Заң институтын бітірген. Экономика, өндірісті ұйымдастыру және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Бұл тағайындауға дейін Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болды.