Өңір полицейлері есірткі зертханасын ұйымдастырушылардың әрекетіне тосқауыл қойды. Зертханадан 18 келіге жуық есірткі шығаруға жоспарланған заттар табылды.


Облыстық полиция департаменті қызметкерлері Алматы облысына қызметтік іссапар барысында есірткі қылмысына қатысты күдіктілерді ұстады. Олар Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық. Петропавлға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің Алматы облысындағы жалдамалы үйін анықтады.


Жалдамалы үйден синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен прекурсорлар табылған. Зертхана 18 келіге жуық есірткі заттарын шығаруы тиіс болған.


ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Тексеріс кезінде 90 кг. прекурсор алынды. Ұсталған адамдардың әрекеттері 297-бап 3-бөлім 1,3 және 5 тармақтары бойынша тергелді. 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Материалдар сотқа жолданды. 


Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.