Болжам бойынша елімізде атом электр стансасы 2035 жылы іске қосылуы мүмкін. Ал оның орналасатын аумағы ретінде Шығыс Қазақстан облысы мен Балқаш маңы қарастырылып жатыр. Мамандардың есебінше, осыдан 5-6 жылдан кейін елімізде электр энергиясына тапшылық туады, сол себепті бұл бастаманың ел үшін берер пайдасы орасан. Петропавлдағы С.М.Киров атындағы зауытта 6 қазанға жоспарланған референдумға қатысты жиын өтті. Бұл кәсіпорында 700-дей адам еңбек етеді.


АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Мен мамандығым бойынша физик, не болмаса осы саланың сарапшысы емеспін. Бірақ арнайы мамандардың зерттеуіне сүйенсем, атом электр стансасын салудан Балқаш көліне келетін ешқандай қауіп жоқ. Стансаға керек су Балқаш арқылы толықтырылады. Десе де, тікелей су алмасу болмайды және АЭС-тен шыққан қалдық көлге құйылмайды. Қазір осыған қатысты жан-жақты зерттеліп жатыр.


Ақжүніс Мұқатай