Былтыр елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Нәтиже көрсеткен бұл бағдарлама аясында енді «тауар несиесін» беру мәселесі қарастырылмақ. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев "AMANAT" партиясы ұсынған бірнеше жоба туралы айтып, алдағы уақытта атқарылуы керек міндеттерді жіпке тізді.


Отандық бизнес пен шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен жергілікті мемлекеттік органның міндеті. Ал, олардың заңды қызметіне кедергі жасау құқықбұзушылық деп саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев, мұндай әрекеттерге жол бергендер тиісті жазаларын алатындығын айтты. Кәсіпкерлер мен инвесторлар болса, өз жұмысын адал жүргізіп, салық төлеуден жалтармауы керек. Ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмайды. Мәселен «Ауыл аманаты» - елді-мекен тұрғындарының табысын арттыруға арналған жоба. Былтыр облыста осы бағдарлама аясында шамамен 1,8 млрд теңгеге 236 өтінім рәсімделді.


АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "БОЛАШАҚ" ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

- Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр. Қазір өтінімдер пулы құрылды. Жергілікті атқарушы органдар «AMANAT» партиясымен бірлесіп, төмен пайыздағы несиелер беру бойынша жұмыс істейді.