Облыста шаруалардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті. Іс-шараға Астанадан келген мамандар да қатысып, тәжірибе алмасты. Кәсіпкерлер «Арқалық» шаруа қожалығының базасына барып, жылқы сауудың барысын көрді.
Өңірде шаруаларға арналған ғылыми-тәжірибелік семинарлар жалғасып жатыр. Бұл жолы олар Мамлют ауданы Андреевка ауылында орналасқан «Арқалық» шаруа қожалығына барды. Бұл кәсіпкерлік жылқы шаруашылығымен және бие сүтін өндірумен айналысады. Мұнда қазіргі уақытта 20-дан астам жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпорында қымыз өндіретін шағын зауыт та бар. Тәулігіне мың литр сусын өндіруге қауқарлы.
СЕЙІЛХАН РАХМАНОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
- Мен Солтүстік өңірге алғаш рет келіп тұрмын. Барлығы ұнап жатыр. Бұл шаруа қожалығының басшысы нағыз шаруа адамы екені де көрініп тұр. Биелердің жағдайы жақсы. Өндірілген өнім де сапалы. Арнайы іріктеліп алынған биелер екені көрініп тұр.
Семинардың теориялық бөлімінде Астаналық мамандар мал шаруашылығы саласындағы білімдерін ортаға салды. Жиында жылқы ауруларының алдын алу мен емдеу тәсілдері талқыланды.
ӘБДІҚАЛЫҚ ӘБІШЕВ, «НПЦ ДИАВАК-АБН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Алдын алып профилактика жүргізбесе жылқылар ренопневмония деген індеп бар. Құлындайын деп тұрған шағында құлын тастайды. Сндықтан ыл бойы күтіп отырған өнімді шаруа қожалықтары ала-алмай қалады. Біздің мекеме осы ренопневмония індетіне қарсвы вакцина шығарамыз. Ол вакцина қазір Қазақстанда тіркелген.
Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында ғалымдар жылқыларға арналған қысқы жайылымды ұйымдастыру бойынша зерттеулер де жүргізді.
ЖҰМАҒҰЛ СЕРҒАЗИН, «СЕВКАЗНИИСХ» ЖШС МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Семинардың негізгі тақырыбы – жылқыларға қысқы жайылымды ұйымдастыру. Бұл өте маңызды мәселе. Себебі, күн суытқанда жылқылар қар астынан өз бетінше азық алып жей алуы керек. Себебі, көктем мезгілінде жер қатып олардың азықтануы қиындай түседі.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.