Елде мыңға жуық ауыл мектебі жаңғыртылады. «Нысаналы мектептер» жобасына қатысатын білім беру мекемелерінің тізімі әр өңірде анықталды. Біздің өңірден тізімге 20 мектеп енді. Бүгін өңірлерде ұстаздардың тамыз конференциясы басталды. Оған еліміздің 20 өңірінің педагогтері онлайн қатысып жатыр.


«Нысаналы мектептер» жобасының негізгі мақсаты – артта қалған немесе кемшіліктері көп мектептерді дамыту және қайта жандандыру. Өңірімізден іріктеліп алынған білім нысандарының 7-еуі қалалық болса, қалғандары Есіл, Шал ақын және Қызылжар аудандарына тиесілі. Қазір таңдалынып алынған мектептердің педагогтеріне арнап біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр.


РОЗА СӘРКЕН, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жобаға облыстың толық жинақталған мектептерінен 20 білім беру ұйымы кірді. Ол үшін 10 әдіскер арнайы оқытудан өтті. Біз 3 жылдың ішінде берілген мектептердегі білім сапасын жақсартып, көтеруіміз керек. Әдістемелік орталықтың жанынан Жобалық кеңсе ашылды. Жоспар құрылып, облыс әкімдігінен қол қойылды.


Нысаналы мектептерде жұмыс істейтін әдіскерлердің ішінде Корнеевка гимназиясының ұстазы Ақжарқын Жақыпова бар. Маманға Аққайың ауданындағы мектеп тапсырылған. Жалпы. жобаны іске асыру аясында нысаналы мектептердің үлесін 2028 жылға дейін 32% -дан 15%-ға дейін төмендету күтілуде. 


АҚЖАРҚЫН ЖАҚЫПОВА, КОРНЕЕВКА ГИМНАЗИЯСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ӘДІСКЕР:

- Біз өз тарапымыздан нысаналы мектепетерге әдістемелік көмектерімізді ұсынамыз. Жан-жақты функционалдық сауаттылық, ҰБТ және тағы басқалары бойынша түрлі көмек көрсетеміз.Ауылды меткептерде жасанды интеллектпен жұмыс істеу және ақпараттық технолгиялар жағынан жұмыс жүргізіледі.


Ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясы екі күнге шақталған. Іс-шара биыл «Білім берудегі цифрлық жаңашылдықтар» тақырыбында өтіп жатыр. Жиын барысында оқыту үрдісіне жасанды интеллект технологиясын енгізу жолы да айтылмақ.