«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іс-шара өтті
Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығындағы көшелер, қоғамдық орындар, көпқабатты үйлердің маңайы жиналды. Жалпы, бұл акция басталғалы Петропавлдан 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 3 мыңнан астам адам қатысты. Олардың бір бөлігі Петропавлдағы Я.Гашек пен Крепостная көшелерінің арасын қоқыстан тазартты. Іс-шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары да ат салысты.
ЖАНАТ КӘКІМОВ, СҚО БОЙЫНША «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- «Жасыл Ел» жобасы арқылы 14 пен 35 жас аралығындағылар жұмысқа орналаса алады. Негізінен студенттер мен мектеп оқушылары қабылданады. Жазда олар қоршаған ортаны қоқыстан тазарту үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ еңбекақы алады, арнайы киім-кешекпен қамтылады. Жоба тамыздың 1-нен басталды.
«Таза Қазақстан» акциясы баталғалы бері облыста түрлі экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілді. Жастар үнемі алдыңғы шептен көрініп жүр.
ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгінгі тазалық шарасына қаламыздың жастары мен еріктілері, «Жасыл Ел» және басқа да ұйымдастардың өкілдері қатысТЫ. Петропавл көшелерін тазартып, жайнату үшін күш біріктіріп отырмыз. Мұндай жиындар жиі өткізіледі. Аптасына 2-3 рет шығамыз.
Жалпы науқан басталғалы облыс орталығынан барлығы 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.