Биыл Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Целинное» ауылына – 70 жыл. Елді-мекен жылдан-жылға дамып келеді. Бүгінде ауылда «Целинное-2024» ЖШС жұмыс істейді. Серіктестік 200-дан астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.


«Целинное – 2004» ЖШС-нің егіс алқабының аумағы – 38 гектарды құрайды. Биыл 33 гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақтар еккен. Оның ішінде сұлы, бидай, зығыр, жасымық және бұршақ секілді дақылдар бар. Осы алқапқа барлығы 630 тонна тыңайтқыш себілді.


СЕРІК ИБРАЕВ, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Менің ойымша, биыл егін жақсы. Бітік шықты. Оның ішінде бидай да жақсы өнім береді деген үміттеміз. Уақытынан кешіктірмей жинап аламыз деген ойдамын. Өзімізде астық қабылдау пункті бар. Сондай-ақ, астық кептіргіш бар. Жалпы, біз астықты қысқа мерзімде жинап, кептіріп аламыз.


«Целинное» ауылында 800-ге жуық адам тұрады. Ал, «Целинное-2004» серіктестігінде 210 тұрғын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 4 бригада бар. Олардың құрамында 150-ге жуық механизатор еңбек етеді. Астық жинауға арналған техниканың 90 пайызы дайын.


ИВАН МАШКОВЦЕВ, БРИГАДИР:

- Қазіргі таңда барлық техникаларды тексеріп, жөндеп жатырмыз. Оның ішінде негізгілері комбайндар. Астық жинау науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Техникалардың барлығы жаңа. Бірақ, сонда да сақтық та қорлық жоқ. Бәрібір, тексерісті қажет етеді.


ОЛЕГ ЧЕККУНОВ, МЕХАНИЗАТОР:

- Мен мұнда 20 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Көрші ауылда туып-өстім. Ағам да осында жұмысқа орналасты. Қазір біз комбайндарды, барлық техниканы дайындап жатырмыз. Егер бәрі жақсы болса, тазалау науқаны жақсы өтеді.


Аумақта жұмысшыларға арналған монша, жатақхана және асхана бар. Серіктестік өзінің негізгі қызметінен басқа ауылды абаттандыру жұмыстарымен де айналысады. Сондай-ақ, биыл келген мамандарға арнап 11 баспананың құрылысы жүргізілуде. Барлық тұрғын үйлер орталық жылыту жүйесі мен кәріз жүйесіне қосылған. Жалпы аумағы - 100 шаршы метрді құрайтын нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.


СЕРІК ИБРАЕВ, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Биыл біз тек алты отбасыны орналастырдық. Қазір орта мектеп және серіктестік үшін осы үйлерді салып жатырмыз. Сондай-ақ, механизаторлар үшін де баспананы тұрғызып жатырмыз. Ондағы мақсат ауылдың жанданып, дамуына өз үлесімізді қосу.


2012 жылдан бастап ауыл орталық жылу қазандығын пайдаланады. Ауылда барлығы үш қазандық жұмыс істейді. Бірақ жаңа үйлердің құрылысына байланысты қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет болған. Серіктестік құны 20 млн теңге болатын төртінші қазандықты сатып алған. Қазандықтың өзі биоотынмен жұмыс істейді. Жылыту маусымына екі мың тоннаға жуық зығыр және бидай сабаны дайындалды.


СЕРІК ИБРАЕВ, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Бұл қазандықты, менің ойымша, халықтың 80% - ы пайдалана алады. Сонымен қатар, біз орталық жылу жүйесіне сәйкес келетін жаңа үйлерді қосамыз. Әрине, биоотын бүгінде ең тиімді отын болып табылады. Біріншіден, экологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ табиғатқа көп зиян келтірмейді. Екіншіден, қыс айларында көмірге қарағанда түтін мен шаң аз болады.


Сонымен қатар, елді-мекенде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Кешен бір жыл бұрын салынған.


СЕРІК ИБРАЕВ, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ішінде душ кабиналары орнатылған. Спортқа керекті жабдықтар да жетерлік. Балалардың барлығы осында келеді, қазір жазғы демалыс болғандықтан, спорт кешені жабық. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін орталық қайтадан өз жұмысын жалғастырады.


Бұл нысанның құрылысына серіктестік 30 млн теңге жұмсаған. Сонымен қатар 9 млн теңгеге заманауи үлгідегі жаңа спорттық жабдықтар сатып алған. Енді кез-келген ауыл тұрғыны орталыққа келіп, спортпен айналыса алады.