Қасым-Жомарт Тоқаев, Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгпен кездесті. Тараптар адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелерін талқылады.