Петропавлда СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының " Бірлік. Құру. Прогресс " тақырыбында XXVIII сессиясы өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі және өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Сессияда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды.


"Бірлік. Құру. Прогресс " - осындай атаумен СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының 28 сессиясы өтті. Сессия жұмысына өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің төрағалары мен белсенділері қатысты. Облыс әкімі Ассамблеяның су тасқынына қарсы күрестегі еңбегі мен зардап шеккендерге көмек көрсетудегі зор үлесін атап өтті.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, СҚО ӘКІМІ:


Жыл сайын өтетін іс-шарада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары жаңадан анықталады. Бұл міндетті Елена Семидоцких атқарған еді.


ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, «СҚО ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл іс-шара жыл сайын бізде өтеді. Біз жылды қорытындылаймыз және жаңа қоғамдық орынбасарды сайлаймыз. Бүгін біздің облыстық ассамблея қызметінің қорытындысы шығарылады, осы жылы не істелгені, яғни құрылымдық бөлімшелердің қызметі, қандай іс-шаралар өткізілгені туралы айтып береміз. Жоспармен таныстырамыз.


Сессия аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер мен Ақсақалдар кеңесі атынан қоғамдық орынбасар сайланды. Көпшіліктің қалауымен бұл міндет СҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізовке және "Hangug Qazaqstan" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алексей Ханға жүктелді.


АЛЕКСЕЙ ХАН, «HANGUG QAZAQSTAN»ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Мен биыл үкімет пен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарта түсуге ат салысамын. Ассамблея мұның бәрін байланыстыратын көпір екені белгілі. Өткен жылы жоғары деңгей көрсетілді. Бұл менің алдыма елеулі міндеттемелер жүктейді. Жоғары деңгей көрсетуге тырысамын және өте жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын.


Сонымен қатар, сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне куәліктер табыс етілді, сондай-ақ алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.


Ерлан Жұмахан