Облыс орталығында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған қоян қолтық ұрыстан республикалық командалық турнир өтіп жатыр. 3 күнге созылатын жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.
Азамат Нұрпейісов – аз ғана ғұмырында спорт саласында үлкен жетістіктерге жете білді. Кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Әлем чемпионатының күміс медальдарын жеңіп алған. Спортшының құрметіне Республикалық деңгейдегі турнир ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушылардың бірі Мақсат Еркінбек. Ол Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінде борышын өтеп жатыр. Оның салмағы бойынша 8 қарсыласы бар.
МАҚСАТ ЕРКІНБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
- Осы 62 кг салмақ бойынша қатысып отырмын. 18 жастамын. Өзім Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебінде оқығанмын. Шығыстың атынан шығып 62 кг салмақта, жарыста жеңіп отырмыз.
Дәстүрлі түрде 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирде ерлер 7 салмақ дәрежесі бойынша татамиде өнер көрсетсе, қалған 3 салмақ қыздар арасында өтпек. ҚР Ұлттық ұланы академиясы ұйымдастырған жарыста 70 ке жуық спортшы бақ сынап жатыр.
МАҚСАТ НҮСІПОВ, ҚР ҰҰА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ СПОРТ КАФЕДРАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
- Бүгін Халықаралық дірежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған ҚР Ұлттық ұланының қоян қолтық ұрыстан чемпионаты өтуде. Жарыс үш күн болады. Жарысқа 4 өңірлік қолбасшыдан және 3 әскери бөлімнен 7 команда қатысып отыр. Азамат Нұрпейісов өзіміздің қазіргі Ұлттық ұлан академиясының бұрынғы жоғарғы әскери училищесін аяқтаған. Әскери шені капитан.
Айта кетейік, турнир 25 шілдеге дейін шақталған. Жарыс жеңімпаздары кубоктармен медельдармен марапатталады.