Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университеті колледжі жабылмайды. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова айтты. Жекеменшік колледждің құрылтайшысымен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде, 2024-2025 оқу жылында студенттер оқуды дәл осы білім ордасында жалғастыра береді. Қазіргі уақытта бұл колледжде 310 студент білім алып жатыр. Олардың 240-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша.
Жалпы бұл колледж 25 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Оқу ордасында 3 бюджеттік және 6 коммерциялық мамандық бойынша дәріс оқылады. Айта кетеійік, облыста 24 колледж бар. Олардың 19-ы мемлекеттік қалған бесеуі жекеменшік.
АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Жаңа оқу жылында басқа колледждер де жаңа мамандықтар бойынша лицензия алу жұмыстарын бастайды. Егер, болашақта аталмыш оқу орны жабылып қалса, студенттер басқа оқу орындарына ауыстырылатын болады .Егер тіпті бұл колледж студенттері басқа жаққа ауысамын десе де олардың мемлекеттік гранттары сақталады. Педагогтар да оқу жылында өз жұмыстарын бастайды. Ешқайсысы жұмыссыз қалмайды.