«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында облыста «Таза Қызылжар» экологиялық акциясы өтті. Тазалық іс-шарасына Петропавлдың үш мыңға жуық тұрғыны қатысты. Олардың арасында облыс орталығының белсенді тұрғындары, түрлі мемлекеттік және бизнес құрылымдарының өкілдері, депутаттар, волонтерлер мен жастар бар. Экологиялық акцияға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, тазалыққа өз үлесін қосты.
Солтүстікқазақстандықтар үшін қоршаған орта мен туған өлкенің табиғатына құрметпен қарау басты міндет. Экологиялық акция Мещан орманынан Омбы бағытына дейінгі 3 шақырымдай аумақта өтті. Экоакцияға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Таза Қазақстан» акциясының мақсаты, ел тұрғындарын тазалыққа шақыру. Қоршаған ортамызды, айналамызды тазалықта ұстау біздің басты міндетіміз. Қазір қала тұрғындарының көкейінде Пестрое көліне қатысты сұрақтар көп. Жағажайда да жақында қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ретке келтіруге болатын жерлерге осылай сенбілікке шығамыз. Ал бетондарға қатысты жұмыстарға арнайы техникалар жұмылдырылатын болады.
Экологиялық акцияға қатысушылардың арасында «күміс еріктілер» де бар. Солардың бірі - ең қарт белсенді, еңбек ардагері Владимир Тимошин. Ол жақында өзінің 90 жасын атап өтеді.
Тазалық іс-шарасына Петропавлдың үш мыңға жуық тұрғыны қатысты. Олардың арасында облыс орталығының белсенді тұрғындары, түрлі мемлекеттік және бизнес құрылымдарының өкілдеріде бар. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы өңірде барлығы 211 алаң мен саябақ абаттандырылып, 32 мыңнан астам ағаш пен 2 мыңға жуық бұта отырғызылған. Жалпы 133 мың тоннадан астам қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ:
- Бүгін біз «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысып, қаламызды қоқыстан тазалауға үлесімізді қосып жатырмыз. Біз университет атынан келдік. Біз қоршаған ортаны тек тазартып қана қоймай, ластамауымыз да керек.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында облыстың барлық аудандарында түрлі экологиялық іс-шаралар өтіп жатыр. Петропавлдың су басқан аумақтарында да қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Әрқайсысына 5 механикаландырылған бригада бекітілген 11 жедел штаб бар.