Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданына барды. Аймақ басшысы ауданның бірқатар әлеуметтік нысанын аралап, қысқа дайындығын көрді. Биыл мұнда аудан ішілік жолдарды жөндеуге 638 млн тенге және Булаево қаласынның 3 жолын жөнге келтіруге 297 млн тенге қаражат бөлінген.
Облыс әкімі Мағжан Жұмабаев ауданындағы жұмыс сапарын Полудино ауылында орналасқан өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығын жөндеу жұмыстарымен танысты. Мекеме ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына бағыттылған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Бұл мекемеде 50-ге жуық бала тәрбиеленуде.
Татьяна Панферова, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- 2018 жылы қызметкерлер және тәрбиеленушілердің көмегімен осындай мұражайды жасадық. Бұл жерде мынандай пеш пен қазақ киіз үйін жасадық. Ал мына қабырғада біздің ауылдың ҰОС батырлары туралы жазылған. Міне көріп тұрғаныздай ббатырларымыз туралы ақпараттың барлығы жазылып тұр. Бұл біздің балалалрымыз өздерінің жерлес батырларын ұмыптауы үшін жасалған.
Аймақ басшысы мекеме тәрбиеленушілерімен әңгімелесіп, балаларға сый сияпатын тапсырды.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СКО әкімі:
- Маған бұл мекемеге кондиционер жеткіліксіз деп айтты. Сондықтан да сіздерге менің атымнан шағын сыйлық болсын. Алдағы уақытта сіздердің мекемелеріңізде тек қана қызық қуаныш болсын, ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Содан оң аймақ басшысы Полудино ауылында орналасқан «Полудинское» ЖШС сүт тауарлы фермасының құрылыс жұмысымен де танысты. Жобаның жалпы құны 3 млрд тенгені құрайды. Бұл жерде қазіргі таңда сементал және гольшитино-фриз тұқымды 707 бас ірі қара мал өсіріледі.
Заур Гасанов, «Полуденское» ЖШС жетекшісі:
- Жобаның жалпы құны 3 млдр теңге. Қазіргі таңда 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қазір жаңа баздардың құрылысы жалғасып жатыр. Алдағы уақытта бұл нысандардан бөлек тағы да екі кешеннің құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі таңда бізде 707 бас сементал және гольшитино фриз тұқымды ірі қара мал бар. Барлығы Еуропа елдерінен жеткізілген.
Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын беріп жаңа жұмыс орындары мен мал басын өсіруді тапсырды. Содан соң облыс басшысы Қарақоға ауылында орналасқан дәрілерлік амбулаторияның жұмысымен де танысып қайтты. Бұл дәрігерлік амбулатория президентіміздің аудандар мен ауылдарда дәрігерлік мекемелерді салу жобасының аясында тұрғызылған. Облыс басшысы жаңа дәрігерлік амбулатория жайлы жергілікті халықтың пікірін тындады.
- Мы довольны, у нас в округе нету таких.
Содан соң аймақ басшысына Мағжам Жұмабаев ауданының әкімі ауданның қысқы жылыту маусымына дайындығы жайлы есеп берді. Жалпы ауданда 54 жылыту қазандықтары жұмыс жасауда. Оның 36 автономды 17 жергілікті ал 1-еуі орталық.
Қайрат Омаров, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі:
- Бүгінгі күні көмір қажеттілігі 39 мың тоннаны құрайды, оның 30 пайызы дайындалған. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 10374 мың тонна, оның 35 пайызы дайындалды. Мәдениет нысандары бойынша 853 мын тонна қазіргі таңда 21 пайызы дайындалаған. Ауданымызда 3 көмір сақтау орындары бар. бүгінгі таңда оларда 1703 мың тонна көмір әзірленген.
Содан соң облыс басшысы Қарақоға ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйімен де танысып қайтты. Бұл мәдениет кешенін келесі жылы республикалық «Рухани қазына» байқауына қатысуға өтініш беру жоспарлануда. Бұл нысанда күрес залы, үстел теннисі, ауылдық кітапхана және тағы да бірқатар мәдениет және спорт орталықтары жұмыс жасап тұр. Облыс басшысы талантты жас спортшылармен спортық сайыста бақталасып көрді.
- Играют в настольный тенис.
Қарақоға ауылы талантты және шымыр спортшыларымен танымал мекен. Бұл жерде талай республикалық сайыстардың жеңімпаздары мен спортышлар тәрбиеленіп жатыр. Аса үлкен көңіл күрес спортына бөлінеді. Бұл спорт түріне ауыл жастары қызығушылықпен қатысады.
- Нешедесің? Қанша жыл болды осы спортпен айналысқанына?
- 8 жыл. Осы елдің тумасы ма?
- Өзіңнін приемдарынды көрсетші.
Жас спортшылармен кездесу сонында облыс әкімі естелікке суретке түсті. Содан соң облыс басшысы осы мекенде орналасқан «Булаево Агро» ЖШС астық сақтау орнымен де танысты. Бұл серіктестіктің ашылғанына 3 жыл көлемі болған. Қысқа уақыт мерзіміне қарамастан серіктестік облыс бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетуде.
- Вопрос акима области к руководителю ТОО.
Кейін облыс әкімі «Ноғайбай» ЖШС егістік алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Бұл жерде диқандар мен ауыл шаруашылығын өндірушілер облыс әкіміне жасалып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
Алтынбек Сапаров, «Ноғайбай» ЖШС директоры:
- Былтырғы жинау науқанынан соң егістіктің барлығын тазаладық. 1 гектар жерге 120кг амафоз тыңайтқышын салдық. Ал көктемнің басында сұйық тыңайтқышты салдық. Ерте көктемгі бораналауды өткіздік. Биылғы жылы жақсы көрсеткіштерге ие боламыз деп ойлаймын.
Кездесу барысында облыс әкімі облыс және республикадан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жасап жатқан көмектері туралы айтып, сұрақтарды тыңдады.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:
- Жасалып жатқан жұмыстарға ризамын. Егістіктің барлығы жақсы. Енді тек қана уақытылы жинап алу қалды. Біздің облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудан республикамыз бойынша алдыңғы қатарда тұр. Енді тек қолайлы ауа райын күтеміз.
Облыс басшысы ауданда жасалып жатқан жолдардың жөндеу жұмыстары мен де танысып қайтты. Ауданға биыл жолдарды жөндеуге 6,5 млрд
Қайрат Омаров, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі:
- Облыстық маңызы бар жолдар бойынша Қарақоға-Надежка және аудан ішілік жолдар бойынша Ұзынкөл-Возвышенка және Лебяжье ауылына кірер жолдың 12,9 шақырымы жөнделуде. Бұдан бөлек 5 ауылішілік жолдар Байтерек, Полтавка, Надежка, Возвышенка және Жастар ауылдарына бөлінген. Бұл жұмыстарға 638 млн тенге қаражат бөлінген және Булаево қаласынның 3 жолын жөндеуге 297 млн тенге қаражат бөлінген.
Облыс әкімі жолдарды жөндеу барысында сапасына аса үлкен көңіл бөлуді тапсырды. Содан соң аймақ басшысы Чистовское ауылындаға мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Аймақ басшысы серіктестік басшысына жөндеуге бөлінген қаражаттың барлығын тиісті түрде игеруді тапсырды. Сондай-ақ бұл елді мекенде «Чистовское» ЖШС 800 бас қазақтың ақбас ірі қара малын өсірумен айналысады. Жалпы аудандағы мал шаруашылығының даму жайлы аудан басшысы мәлімдеді.
Қайрат Омаров, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі:
- Біздің ауданда 3 ірі сүт тауарлы фермалар жұмыс жасап тұр. Жалпы 2544 бас сауынды ірі қара мал бар. Сүт өндіру 7500 тонна. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 134 тонна көп. Біздің ауданда 17 шаруашылық ірі қара мал өсірумен айналысады. Бұл негізнде қазақ ақбас, герефор және лимузин тұқымды малдар. Бұл серіктестерде жалпы 7366 бас мал өсірілуде.
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ауданда орналасқан «Березка» балаларды сауықтыру лагерінің жұмысымен де танысты. Бұл лагерь 90-ға жуық баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұл жерде балалар лагерь басшылығының ауданның білім беру бөлімімімен әзірленген жаңа бағдарлама бойынша демалады. Бұл тек сауықтыру лагері ғана емес сонымен қатар балаларды спорттық, интелектуалды және мәдени түрде жетілдіру легері. Облыс басшысы балалармен де тілдесті.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:
- Бүгін міне жұмыс сапарымен сіздердің аудандарыңа келіп қалдық. Сендердің қалдарынды білейін деп осы лагерге келдім. Барлық жасалған жағдай сіздерге ұнап жатыр деп ойлаймын. Осы демалыста өздеріңе жақын дос табады деп ойлаймыз.
Жұмыс сапарының соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Булаев қаласында орналасқан спорт кешенінің жұмысымен де танысып қайтты. Бұл жерде облыстық және аудандық «Ақбидай» ойындары өтеді, жабық спорт залы мен хоккей корты орналасқан. Аймақ басшысы өңірдегі спорттың дамуына көңіл бөлуді тапсырды.