М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «География және экология» кафедрасының 9 студенті Өзбекстанда тәжірибеден өтті. Болашақ мамандар 10 күнге жуық көрші мемлекетте болып, ірі қалаларын аралады.


Білім алушылар Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд және Бұқара қалаларында болып, табиғИ және экологиялық жағдайымен танысты. Айта кетейік, бұл - «География және экология» кафедрасы студентерінің алғаш рет шетелде тәжірибеден өтуі.


БАНУ ДОСКЕНОВА, «ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Батыс Тянь-Шяньда болып, қандай жоталар, қандай биіктер бар деген секілді сұрақтарды, экологиялық жағдайын қарастырып, айырмашылықтарын зерттеді. Маршут бойынша Ташкенттен Самарқандқа кейін Бұқараға бардық. Бұқарада енді нағыз шөлді көрді. Температура 50-ден жоғары болды. Бұл қиыншылық ретіндще болды. Бірақ, бұндай қиыншылықтардың кездесуі географтар үшін қалыпты жағдай.


Жалпы, «география және экология» кафедрасында барлығы 300-ден астам студент білім алады. Биыл мұнда 120-дан астам талапкерді қабылдау жоспарланған.


ГҮЛНӘЗ ҚАБДОЛЛА, ТАЛАПКЕР:

- Мен М. Қозыбаев атындағы университеттің «география және экология» мамандығы бойынша оқуға түссем деймін. Инстаграм желісінен студенттердің Өзбекстанға барғанын көргенде, қызығушылығым одан әрі арта түсті. Жалпы, мені еліміздің табиғаты және экологиясы қатты қызықтырады. Экология саласына өзгеріс енгізгім келеді.


Ендігі жылы, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің студенттері де Қазақстанға келіп тәжірибеден өтпек.