Жыл басынан бері өңірдегі бруцеллезбен ауырған ірі қара малдың үлесі 0,12 пайызды құраған. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша облыстың 6 ауданындағы 16 елді мекенде бруцеллезбен ауыратын 529 бас ірі қара анықталды. Бұл туралы мамандар өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте айты. 


Жалпы биыл өткен 7 айда облыста 716 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, оның ішінде 463-мыңнан астамы диагностикалық, қалғаны аллергиялық зерттеу. Мамандардың сөзінше,уақтылы жүргізілген ветеринариялық шаралардың арқасында ауыл шаруашылығы жануарларының ауруға қарсы иммунитеті қалыптасып, малдың жұқпалы ауруларының тіркелуі азайған.


ОЛЖАС БОЛЫСПАЕВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жыл басынан бері облыста 9 қауіпті аймақ анықталды. 4 ауданның төрт елді мекенінде бруцеллез ауруы анықталса, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов аудандарының 3 ауылында құтырма, ал Уәлиханов ауданында жылқыдағы ринопневмония және жылқы тұмауы тіркелді. Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде 4 қауіпті аймақтан шектеу шаралары алынып тасталды.


Өңірдегі биологиялық қауіпсіздік аумақтақ ветеринариялық инспекциясының жіті бақылауында. Биыл облыста ветеринариялық іс-шараларды бұзғаны үшін 7 милионнан астам 219 әкімшілік айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмен.


ОРАЗБЕК БАТЫРБЕКОВ, АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы облыста 9 қауіпті аймақта сауықтыру шараларын бұзғаны үшін 1 882 920 теңге сомасында шаруашылық басшыларына 17 айыппұл салынды.


Тиісті іс шаралардың нәтижесінде 4 қауіпті аймақтан шектеу шаралары алынып тасталды.