Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны кезінде шет қалмай халыққа көмек көрсетті. Олар "Біз біргеміз" акциясын бастап, гуманитарлық көмек қабылдау пунктерін ұйымдастырды.


Ассамблея құрамына кіретін тәжіктер республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы өңірге 35 тонна бірінші қажеттіліктегі тауарларды әкелді. Бұдан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері – этномәдени бірлестіктер су басқан аудандарға гуманитарлық көмек жіберді. Қазіргі уақытта облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына 28 этномәдени бірлестік кіреді. Бүгінгі таңда олардың 24-і қоғамдық аккредиттеуден өткен.


ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО БОЙЫНША ҚХА КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Қазақтанда биылғы наурыз және сәуір айлары тарихта қалады. Төтенше жағдай бойынша су тасқыны әсерінен халық көптеген қиындықпен кездесті. Дәл сол уақытта ҚХА және облыстық ҚХА-сы, қоғамдық келісім, этно мәдени орталықтар барлықтарымыз бірігіп халқымызға көмек көрсетіп ең бастысы достық үйінің ұсынысы бойынша көмек көрсетту үшін гуманитарлық орталық ашылды. Сол кезде этно мәдени орталықтардың төрағалары, төрайымдары бәріміз көмек жасадық.