Өңірде жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 390 фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір аз екен.
ПД мамандарының сөзінше, алаяқтардың құрығына ғаламтор арқылы қандай да бір зат тапсырыс берем деп жастар ілініп қалады. Ал егде жастағы өңір тұрғындары көбіне жалған банк қызметкерлері болып хабарласқан адамдарға сеніп қалатын көрінеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына сақ болып, кез-келген қоңырауға сеніп қалмауға шақырады. Ата кетейік, алаяқтық фактісі бойынша ұсталған адамдар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР БОЙЫНША АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Былтыр өңірде интернет алаяқтықтың 399 фактісі тіркелген еді. Биыл 9 фактіге азайды. Көбіне зейнеткерлер жалған телефон қоңырауына сеніп қалып, ақшаларын бірден аударып жібереді. Сол себепті, барлық тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Егер қоңырау шалған жалған банк қызметкерлерінен күдіктенсеңіздер бірден жақфн маңдағы полиция бөліміне барсаңыздар болады.