Биыл Петропавл қаласының құрылғанына - 272 жыл. Өткен демалыс күндері қала күніне орай шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Концерттің ресми бөліміне өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып,су тасқынынмен күресте белсенділік танытқан бірқатар солтүстікқазақстандықтарды марапаттады. Сонымен қатар, орталық алаңға жиналғандарға бұл күні ҚР эстрада жұлдыздары да мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Орталық алаңға жиналған тұрғындарды алдымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы киелі Қызылжар өңірінің тұрғындарына амандық тіледі.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Іс-шара барысында облыс әкімі Петропавл мен өңір аудандарының дамуына өз үлесін қосып, су тасқынымен белсенді күрескен бірқатар тұрғындарды Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, бұл күні облыстың ардагерлері мен еңбек сіңірген қайраткерлеріне Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілді.


Петропавл қаласының әкімі де бірқатар тұрғынға облыс орталығының Құрметті азаматы атағын берді. Қала күнін тойлауға орталық алаңға жиналғандардың да қарасы қалың болды.


- Құрметті жерлестер сіздерді осы қала күінмене құттықтаймын..


- Облыс тұрғындарына амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қаламыз көркейіп,гүлдене берсін. 


- Петропавл қаласының құрылу тарихы өте тереңде жатыр. Бұл киелі өңірден өте көп атақты тұлғалар шыққан. Бұл күні тұрғындарға тек ақсылық тілегім келеді. Әрқашан осылай әдемі қалада тату да ауызбіршілігі жарасқан халық болып жүре берейік.


Іс-шараның ресми бөлімінен кейін алаңға жиналушылардың назарына «Сүйікті қалам» гала – концерті ұсынылды. Өңір тұрғындарын қала күнімен ҚР эстарда жұлдыздары Гүлмира Ізбасханова мен Артур Давлетьяров құттықтап, әннен шашу шашты.