Биыл жазушы-журналист, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтің 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай облыс орталығында бильярдтан ашық турнир өтті. Спорттық жарысқа журналистер, педагогтар мен өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушы, өнер адамдары қатысты. 


Спорттық іс-шара журналистика саласында талай жыл бойы тер төгіп, еңбек етіп жүрген Жарасбай Сүлейменовтің құрметіне орай ұйымдастырылған. Қолынан қаламы түспеген шығармашыл азамат спортқа да жақын. Сондықтан мұндай турнирлер де жиі өткізіледі.


ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Енді бұл жерде қылқалам ұстаған журналистер, бүгін ки ұстап отыр қолдарына. Сондықтан олардың турнирде жақсы жетістікке жетулеріне тілектеспіз. қазақта сөз бар. еліңді білгің келсе, азаматтарын көрсет» - деп. міне сондай үлкен азамат ол біздің – Жарасбай ағамыз. Оны шығармашылық, қоғамдық өмірінде дәлелдеп келе жатыр.


Жарасбай Қабдоллаұлы 1987-2003 жылдар аралығында «Қазақстан теледидары мен радиосы корпорациясы» жүйесінде, «Азаттық» радиосында қызмет атқарды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облыстық радиосында бас редактор, Қазақ радиосының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының ақпараттар бағдарламасының жетекшісі, бас редакторы, директордың орынбасары болды. Осы қызметтерде өңірдің радиосы мен телевизиясының дамуына зор ықпал етті. Қазақ тілді бағдарламалардың саны мен сапасын арттырды.


ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бүгін СҚО құрметті азаматы, жазушы-журналист, Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменовтің 75 жасқа толған мерейтойы қарсаңында сол кісінің жүлдесі үшін бильярдтан жарыс өтіп жатыр. Оған жазушылар, журналистер, ақындар, әншілер, музыканттар, білім саласының қызметтері қатысып жатыр. бүгін бір рухани ойын өткізейік деген мақсатпен осы жарысты ұйымдастырып отырмыз.


Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, мерейтой иесінің кубогымен марапатталды.