Президенттің жарлығына сәйкес СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың бір топ журналистеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапатталғандардың арасында арнамыздың бас редакторы Ақерке Қабыкеева да бар.


Марапат алған қаламы қарымды журналистердің арасында әріптесіміз, облыстық «Қызылжар» телеарнасының бас редакторы Ақерке Қабыкеева да бар. Ақерке Дәуренбекқызына «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Білікті маманның журналистика саласындағы тәжірибесі 21 жыл. Алғаш еңбек жолын облыстық телеарнада редактор болып бастаған. Кейіннен, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі болып 6 жыл еңбек еткен. Евразия бірінші телеарнасында да тiлшiлік қызметте болған.


Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов марапат иелерінің ақпарат саласының дамуына сіңірген көп жылдық еңбегін атап өтіп, қуаныштарымен құттықтады.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Салтанатты жиында мемлекеттік марапат алған журналистердің саны төртеу. "Хабар" телеарнасының облыстағы меншікті тілшілері тобының жетекшісі Төлеген Иманов, "Qazagstan Media" жаңалықтар порталының тілшісі Светлана Дроздецкая "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Ал «МТРК» телеарнасының тақырыптық бағдарламаларының редакторы Әлия Икамбаеваға “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісі табысталды