Оқушылар сарайында жазғы академия жұмыс істейді. Бұл жерде балалар демалыстарын пайдалы өткізе алады. Түрлі іс-шаралар мен жобаларда бақтарын сынап, қонкурстарға қатыса алады. Қатысушылардың жас санаты-7 мен 14 жас аралығында. Жазғы академия бірнеше маусымнан тұрады. Жасөспірімдер аптасына 2 рет оқушылар сарайына келіп IT бағыты бойынша графикамен жұмыс істеуді үйрене алады. Мұнда әр маусымда 200 ге жуық бала қатыса алады.


ДАМИР МҰСТАФИН, «DIGITAL URPAQ» ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ IT БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл жерде балалар белгілі бір бағдарламаны оқып, графикамен жұмыс істейді. Ал графиканы бастау үшін олар онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді, содан кейін мұғалім тапсырма береді. Маусым аяқталғаннан кейін олар базалық деңгейде үш өлшемді графика жасай алады. Егер өздеріне ұнаса, балалар келесі жылға жазылып осы қабілетін одан әрі дамыта алады.