Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өткен ғасырдың 60шы-90шы жылдар арасында танымал болған әндер шырқалды. Әр түрлі тілдегі музыкалық шығармаларды өңірдегі өнер ұжымдары орындады.


Кештің мақсаты көрерменнің көңілін тауып, музыкалық шығармалар арқылы жастық шақтарын сезінуге мүмкіндік алады дейді ұйымдастырушылар.


ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл іс-шараға Өнер колледжінің студенттері қатысады. Сондай-ақ, біздің "жастар Ассамблеясы"өкілдігінің белсенділері де бар. Біз барлық этномәдени бірлестіктердің белсенділерін, Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын шақырдық. Себебі ата-әжелерімізге ретро музыкалық жағымды кеш сыйлағымыз келеді. Оларға бәрі ұнайды деп үміттенеміз.


Людмила Завялова қаладағы мәдени шараларға жиі қатысады. Осы жолы ардагерлер клубынан Ретро-концертке шақырту алған. КЕремет кештен ұмытылмас эмоциялар аламын деп келген.


ЛЮДМИЛА ЗАВЬЯЛОВА, КӨРЕРМЕН:

- Маған ретро концерттер өте ұнайды. Достық үйіне де жиі барып тұрамын. Ол жерде үнемі өте жақсы мерекелік атмосфера болады. Тамаша әртістер өнер көрсетеді. Осы мерекелік кеште де біздің жастық шағымыздың әндері шырқалып жатыр.


Бұл іс шараға келген көрермендер үшін караокеде ұйымдастырылды. Жастық шағын еске түсіремін дегендер кез келген әнді шырқай алды.