М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл университетті 1376 түлек пен 92 магистрант аяқтады. Іс-шара концерттік бағдарламамен басталып, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене араласқан түлектер білім ордасы ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Бүгінгі салтанатты іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ербол Исакаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Кейін университетіміздің тіл және әдебиет институты мен Тарих экономика және құқық факультетінің түлектеріне диплом табыс етті.
АЗАМАТ ЖИКЕЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ:
- Бізде шетелдік студенттерде осы университетті аяқтап қолдарына диплом алады. Олардың көбісі Үндістаннан, Бангладештен келген студенттер. Біздің түлектердің кемінде 81 пайызы жұмысқа орналаласып өз бағыттарын тауып жүр. Себебі университет тарапынан қолдау білдіріп оларға жұмыс, тәжірибе орнын ұсынамыз. Мүмкіндігінше өздері жұмыс орнын тауып тәжірибелі маман болғанын қалаймыз.
Биыл журналист мамандығы бойынша барлығы 30 дан астам түлек қолдарына диплом алып жас маман атанды. Солардың қатарында «Қызылжар» телеарнасының тілшісі Айнұр Досан да бар. 4 жыл оқуда Айнұр университеттің белсенді студенті болып, бүгін қызыл диплом алды. Одан бөлек ректордың Алғыс хатымен де марапатталды.
АЙНҰР ДОСАН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:
- Міне бүгін 4 жылдық еңбектің нәтижиесін көріп, жемісін жейік деп отырмыз. Жалпы қазақ журналистика кафедрасында 10нан астам түлек түлейін деп отыр. Оның ішінде 3 қызыл диплом иегері бар. Олардың қатарында менде бармын. Осы сәтті пайдалана отырып ұстаздар қауымына жәнеде осыған дейін қамқор болған қолдаған ата-анама алғысымды білдіргім келеді.
Биыл М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін 1468 түлек тәмәмдап отыр. Оның 369-ы қызыл диплом алды. Алдағы уақытта басқа факультеттің студенттеріне дипломдар табыс етілетін болады.