Облыста биыл медициналық көмекті қаржыландыруға 71,2 млрд теңге бөлінді. Консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру 26 пайызға, жоғары технологиялық медициналық көмек 60 пайызға,ал стационарлық және станционарды алмастыратын көмек 13 пайызға ұлғайтылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинге айтылды.


Өңірде оңалту және қалпына келтіру жақсы жолға қойылған. Мәселен, жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында инсульт алған 300-ден астам адам оңалту шараларымен қамтылған. Науқастардың аяғынан тік тұрып, қалыпты өмірге оралуына көмектесу үшін қор арқылы 93,2 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 356,8 млн теңгеге 1361 қызмет көрсетілген. Бірінші тоқсанда 210 адам 41 млн теңгеге оңалтудан өтті.


АЙНАГҮЛ ДАВЛЕТЧИНА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Айта кетейік, 2023 жылы көпсалалы облыстық ауруханада ми қантармырларының патологиясын анықтау немесе жоққа шығару үшін 93 церебральды ангиография жасалды. 186 эндоваскулярлық ота істелінді. Бұл әдістер облысымызда бұрын қолданылмаған. Мұндай оталардың құны шамамен 600 мың теңгеден басталып, 5 млн-ға дейін жетеді. Ал, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 105,4 млн теңгеге 141 ота жасалды.