Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды. Экономикалық тергеу қызметіне жеке бизнеске қол сұғу бойынша көптеген сұрақ келіп түседі. Қазір осы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында IT құралдарын қолдана отырып, кәсіпкерлердің мәселесі заңды түрде қаралатын болады.


2023 жылғы шілдеде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді. Сондай-ақ өткен жылдан бастап «Бизнесті қорау» жобасы іске асырыЛЫп жатыр. Оның артықшылығы- жеке кәсіпкерлер құжаттарының 90 пайыздан астамын электрондық форматта тіркеп, қылмыстық істе құжаттардың бұрмалауын болдырмайды.


САМАТ ШАРИШЕВ, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өткен жылы «Бизнесті қорғау» жобасы басталып, қазір жақсы жүзеге асып жатыр. Бұл жоба кәсіпкерлердің бизнесіне қылмыскерлердің қол сұғушылығын азайтады. Сондай-ақ 5 негізгі бағыт бойынша қауіпсіздік шараларын қолданамыз.