Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан донорлары күні атап өтіледі. 18 жасқа толған әр азамат донор бола алады. Дені сау адамның 450 грамм қаны үш адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік береді. Петропавлда донор күніне орай Қан орталығында арнайы іс-шара өтті.


Бүгін облыстық қан орталығына қан тапсыруға келген жандарға сыйлықтар табыс етілді. Мәліметтерге сүйенсек, донор болуға ниетті жандардың қатары жыл сайын артып келеді. Мамандардың айтуынша, донорлардың қаны 2 кезеңдік скринингтен өтеді, қондырғылар АҚШ пен ШвеЙцариядан алынған, барлығы жаңа. Жалпы облыстық қан орталығы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес.


ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДОНОРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Кейде қан тапсырушы донорлар дайындықсыз келеді. Ондай кезде біз хилезды, қарапайым тілмен айтқанда майлы қанды аламыз. Оны тексерістен өткізуі қиын. Сол себепті адамдардың алдын ала дайындалып келуі маңызды. Қан тапсырар алдында донор 2 тәулік алкагольдық ішімдік және 3 тәулік дәрі дәрмек ішпеуі керек. 


Таңғы сағат 8 ден бастап донор болуға неитті адамдар облыстық қан орталығына келе бастады.


ДМИТРИЙ РОГОВОЙ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- 20-22 жасымнан қан тапсыра бастадым. Қазір жасым 45 те. Ең алғаш рет танысыма қан керек болып, келген едім. Содан кейін тұрақты донор болдым. Бірақ 2016 жылдан бастап қан тапсырмадым. Енді міне бүгін келіп тұрмын.Жалпы осы уақыт аралығында 20-ға жуық рет донор болдым.


ШОЛПАН ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бұл іс-шара жайлы инстаграм парақшасы арқылы білдім. Содан кейін бүгін келіп қан тапсыруға шешім қабылдадым. Барлығын донор күнімен құттықтаймын. Жалпы өзім студенттік шағымнан бастап 20 жыл тұрақты түрде қан тапсырамын.


Донорлардан алынатын қан облыстағы 21 медициналық орталықты қамтамасыз ете алады. Олардың 13-і аудандық , ал қалған 8-і қалалық аурухана