Биыл облыста 3 331 бала мектеп бітірді. Бүгінде түлектер мемлекеттік емтихандарын тапсырып, аттестарын алуға дайындалып жатыр. Айта кетейік, жалпы өңірде 85 бала «Алтын белгіге» үміткер.
Саида Төбет- Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебіндегі «алтын белгіге» жалғыз үміткер. Түлек 5-маусым күні ҰБТ тапсырып, 1 мүмкіндікте 129 ұпай жинаған. Келесі емтиханын 22 маусым күні тапсырады. Саида «Алтын белгісін» лайықты түрде қорғап шығатынына нық сенімді.
САИДА ТӨБЕТ, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:
- Менің таңдау пәнім «химия-билогия». Балалық шақтан бергі арманым- дәрігер болу еді. Сондықтан, осы пәндерді таңдадым. Қазір екі университетті қарастырып отырмын. Біріншісі- Астанадағы «MUA» университеті. Екіншісі- Семейдегі SMU.
Былтыр Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебін 52 оқушы бітірген. Оның-30 дан астамы грант иегері атанды. Ал, биыл 61 түлек түлеп ұшқан. Оқушылардың көпшілігі «математика-физика» бағытын таңдады.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ
- Айта кетейік, облыс бойынша 85 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Ал, 11 сыныптардың 180-ге жуық оқушысы, 9 сыныптардың 380-нен астам оқушысы «Үздік аттестат» иегері атанбақ.
Мектеп түлектері 28 мамыр және 11 маусым аралығында мемлекеттік емтихан тапсырды. Енді, маусым айының 13-күні аттестаттарын қолдарына алады.