Жыл басынан бері облыстың 6 ауданында бруцеллез ауруы тіркелді. Қауіпті дерт 240-тан астам ірі қарадан анықталған.


Аурудың таралу ошақтары - Айыртау, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары. Атап айтсақ, Айыртауда бруцеллез індеті 70 бас ірі қарадан анықталса, Ақжар ауданында 20 сиырдан табылған. Ал, Аққайыңда 15, Кызылжарда 129, Уәлиханов ауданында 2 ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан. Ауру мал жеке қора-қопсыларда ғана емес, ірі шаруашылықтардан да анықталып отыр.