Лудомания - қоғам дерті. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ойынға тәуелділіктің алдын-алуға арналған іс-шараларды жиі өткізеді. Студенттер арасында бұл дерттің кең таралып кетпеуі үшін психологиялық орталық басшылары жастармен кездесіп, түрлі форматта жиындар ұйымдастырады. Лудоманияны бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психикалық ауытқуға соқтыратын аурулар санатына қосқан.


Құмар ойынға тәуелділіктен арылу жайлы фильмдер, тренингтер, "ойыннан тыс" өмірге орала алатындығы жайлы тиімді ұсыныстар - адамның өмірге деген құлшынысын арттырады, - дейді психологиялық қызмет өкілдері. Жастар мәселелерін көпшілік алдында мойындамай, айтуға қиналса психологтардың көмегіне жеке жүгінуіне болады.


ПАВЕЛ МОИСЕЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Лудоманды топ ішінен ерекшелендіретін белгілері жоқ. Білім алушыларға "Тәуелділік" фильмін көрсеткенде ғана эмоцияны байқай алдық. Фильмнен белгілі бір дәрежеде ой түйгендері көрініп-ақ тұр. Көпшілік алдында өз проблемасын жариялауға қорқатын жастар арасында құмар ойынның соңы қандай боларын түсіндіре алғанымыз біз үшін де үлкен жеңіс.