Петропавлдағы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсерін тигізетін бірінші санаттағы нысандардың бірі. Былтыр кәсіпорын 2022 жылмен салыстырғанда ауаны 33,7 пайызға көп ластаған. Мамандардың сөзінше, оның негізгі себебі – электр энергиясын 43,8%-ға және жылу энергиясын өндіруді 18,1%-ға арттыруда екен.


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптары бойынша ауаны ластайтын бірінші санаттағы нысандар ластаушы заттарды қандай мөлшерде шығаратынын автоматтандырылған түрде бақылауы керек. Осыған байланысты, былтыр «Севказэнерго» АҚ нөмір 3-ші мұржасында автоматтандырылған бақылау жүйесін орнату жобасын жүзеге асырылған. 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылып, қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеп жатыр. Ауаны ластамау мақсатында, кәсіпорында едәуір жұмыс атқарылды. Мәселен, былтыр күл жинау қондырғыларының тозған элементтері, ауа өткізгіштер мен газ құбырлары жөндеуден өткен. Биылға да жоспар ауқымды.


НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2024 жылға арналған жоспарымыз жаңа мұржаға бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату. Бұл арқылы біз кәсіпорыннан қанша және қандай көлемде ауаны ластаушы зат бөлініп отырғанын біле аламыз. Және қазандық қондырғыларын қайта қалпына келтіруді де жоспарлап отырмыз. Кәсіпорынның әкімшілік аумағын көгалдандыру, жасыл желектер мен көшеттердің алқаптарын ұлғайтуды да ойлап отырмыз.