Негізгі Жаңалықтар Түнгі уақытта қала көшелерінде жүрген алты жасөспірім анықталды

Түнгі уақытта қала көшелерінде жүрген алты жасөспірім анықталды

Петропавлда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар өткен демалыс күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Олар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болуын, қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде жүруін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.


Петропавлда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар өткен демалыс күндері ойын-сауық мекемелері, ойын клубтары, жалдамалы пәтерлер, сондай-ақ Қазақстан Конституциясы көшесі және жастардың басқа да сүйікті демалыс орындарын ерекше бақылауға алды.


ЖАНАТ МҰСТАФИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Оқу жылының аяқталуына байланысты Петропавл қ. полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларымен кәмелетке толмағандардың тәуліктің түнгі уақытында заңды өкілдерінің қатысуынсыз, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болуын, кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде болуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.


Петропавлдағы дәмханалардың бірінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта жұмыс істегендігі анықталды. Жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта қала көшелерінде жүрген алты жасөспірім анықталды.


-Так, давайте к маме поедем, или маму вызовем сюда. Первый раз?


Кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу фактілері тіркелген жоқ. Мектепті аяқтау кештерінен кейін құқық бұзушылықтардың тіркелмеуі - профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Полицейлер оқушылармен, олардың ата-аналарымен, педагогтарымен түсініктеме жүргізді. Тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына заңнама нормаларын үнемі түсіндіріп отыруды және қараусыз қалуға жол бермеуді сұрайды.


Бөлісу